Экономикамыз Ұлттық қорға тәуелді болып тұр - Тоқаев

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр біраз қиындық болғаны рас. Экономиканың дамуына көптеген жағымсыз фактор ықпал етті. Дегенмен ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешімін табуы қажет түйіткілдер әлі де көп, - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл туралы сарапшылар да, азаматтар да жақсы білетінін еске салды.

Ең алдымен еліміздің экономикасын әртараптандыру міндеті толық орындалған жоқ. Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Бірақ осы жерде атап өтуіміз керек: Ұлттық қор бұл мемлекеттік экономиканың ажырамас бөлігі. Бизнестің инвестициялау белсенділігі әлі де төмен деңгейді. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай, жою қажет. Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет, - деп тапсырды Тоқаев отырыста.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы