27 Тамыз 2026, 02:29 Фото: Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи / t.me/s_a_araghchi

«Экономикалық терроризм»: Тегеран АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты БҰҰ-ға жүгінді

Арагчидің айтуынша, АҚШ Иранға қарсы 2025 және 2026 жылдардағы екі агрессивті соғыс кезінде көздеген қылмыстық мақсаттарына жете алмаған соң, сол мақсаттарына экономикалық қысым жасау және басқа елдерді осы «экономикалық терроризм операциясына» қатысуға мәжбүрлеу арқылы қол жеткізуге тырысып жатыр.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына және ұйымға мүше мемлекеттерге хат жолдады. Ол Тегеран АҚШ-тың әрекеттерін «экономикалық терроризм операциясы» деп бағалап, оларды айыптауға шақырды.

Бұл туралы 26 тамыз, сәрсенбі күні Иранның IRNA агенттігі хабарлады.

Арагчидің айтуынша, АҚШ Иранға қарсы 2025 және 2026 жылдардағы екі агрессивті соғыс кезінде көздеген қылмыстық мақсаттарына жете алмаған соң, сол мақсаттарына экономикалық қысым жасау және басқа елдерді осы «экономикалық терроризм операциясына» қатысуға мәжбүрлеу арқылы қол жеткізуге тырысып жатыр.

Иран СІМ басшысы америкалық санкциялар мен шектеулердің жүйелі сипатқа ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл шаралар бейбіт тұрғындарды азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, медициналық құрал-жабдықтарға және энергия ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігінен әдейі айырады.

Арагчи мұндай әрекеттерді «ұжымдық жаза» деп атап, тиісті бұйрықтарды берген және орындаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.