Экономикалық өсім бойынша ең жоғары өңір белгілі болды

Жарты жылда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметінше, нақты сектор 4,8%-ке, ал қызмет көрсету саласы 4,9%-ке өскен. Әсіресе құрлылыс, сауда және ақпарат байланыс ең жоғары деңгей байқалған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13% құрады. Инвестиция ағымы көлік және қоймаларда 57%, саудада 32%, ауыл шаруашылығында 22% , білім беруде 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте 10,9% өскен, - деді министр.

Сондай-ақ өңірлер арасында ең жоғары өсім Абай, Маңғыстау, БатысҚазақстан облыстары мен Шымкент қаласында байқалған.

Алдын-ала қорытындысы бойынша 2023 жылы қаңтар-мамыр айларында сыртқы сауда тауар айналымы 8% өсіп, 55,8 млрд долларды қүраған. Экспорт 31,6 млрд доллар. Экспорт 31,6 Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең ,- деді Әлібек Қуантыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы