Заң бұзушылықтың көбі көлеңкелі экономикадан келеді - сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету маңызды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Президент атап өткендей, мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес қызметіне кез келген араласуы мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде қаралатын болады – дейді сенатор.
Оның ойынша осы ретте заңнамаға өзгерістер енгізу аса қажетті.
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін тосқауыл қою, олар үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салу қажет. Сондай-ақ, Президент алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын факторларды жоюға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтардың басым бөлігі көлеңкелі экономикадан келеді. Президент атап өткендей, ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі көлеңкелі секторға тиесілі. Көлеңкелі экономика проблемасын шешу мемлекет бюджетіне қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Президент депуттардың алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық базасын қамтамасыз ету туралы нақты тапсырма белгілеп отыр – дейді Нұрлан Қылышбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы