Экономика секторлары бойынша салық түсімдері ұлғайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады. Оның айтуынша, экономика секторлары бойынша түсімдер барынша ұлғайған.
Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд теңгеге өсті. Өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд теңгеге артты. Қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд теңгеге ұлғайды. Сондай-ақ құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд теңгеге көбейді, - деп атап өтті департамент директоры.
Сонымен қатар түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келген. Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер еткен.
Осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді, мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады. Жалпы, 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді, - деді ол Ануар Сүлейменов.
Еске сала кетейік, бұған дейін ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскендігі туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы