Экономика министрі республикалық бюджеттің қашан қалыптасқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. Оның айтуынша, республикалық бюджет жобасы мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар болғанда қалыптасқан.

Сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сыртқы және ішкі факторлары әсер еткен.

Мұнай өндіру көлемі 2022 жылы 87,9 миллион тоннадан 2026 жылы 107,4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Келесі жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжануда. 2026 жылы 5,2%-ға дейін жетеді. Сонымен бірге номиналды жалпы ішкі өнім 2022 жылы 87,1 триллион теңгені құраса, 2026 жылы 119,9 триллион теңгеге өседі, - деп атап өтті Әсет Ерғалиев.

Айта кететін жайт, келер жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Ал 2026 жылға дейін 79,8 миллиард долларға дейін ұлғаяды. Тауарлар импорты 2022 жылы 40,8 миллиард доллардан 2026 жылы 43,4 миллиард долларға дейін көбейеді, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы