Экономика экологияға белгілі бір уақытқа дейін әсер ете алады – Абақанов

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов  Тұрақты даму мақсаттарының әлем, сот төрелігі және тиімді институттарды қамтитын  16-мақсатын жүзеге асыруға бағытталған онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Тұрақты даму мақсаттарында экологиялық мәселе ерекше рөлге ие. Біз экологиялық қауымдастық ретінде 3 жыл қатарынан тұрақты даму мақсаттарын зерттеп келеміз. 2 жыл бұрын зерттеу жүргізгенде экология мен экономика арасындағы балансты анықтадық. Бұл салада әртүрлі зерттеулер бар. Экономика экологияға белгілі бір уақытқа дейін әсер ете алады. Кейін шарықтау шегі жетіп, қосымша факторлар қосылған соң экология әлсірейді. Ал экологияның әлсіреуі экономикаға зардап тигізеді, - деді Абақанов. 

Оның айтуынша, Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында 20-дан астам халықаралық құжатқа қол қойған. 

Пандемия кезінде және оған дейін де экологиялық проблемалар айтарлықтай анық байқалды. Себебі шекаралар жабық болған соң, көп тұрғын елдің ішіндегі әсем, қолайлы жерлерді іздей бастады. Оған Көбейтұзды мысалға алуға болады. Одан алынған тұздың орындары мен қоқыс үйінділері табылған болатын, - деді ол.  

Абақанов атап өткендей, ТДМ-2030 мақсаттары экология мәселесіне тікелей байланысты. 

«Жасыл экономика» да тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға енеді. Экологиялық кодекс қабылданған соң тұжырымдаманы ТДМ аясында қайта қарап, индикаторларды бекіткен жөн. Ол бойынша өңірлік индикаторларды анықтап, нақты индикаторларды жүзеге асыруға ден қою керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы