Экологтар ШҚО-да өзен неге «жасыл» түске боялғанын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологтар Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су неге «жасыл» болып кеткенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің мамандары мамырдың басында Алтай ауданының тұрғындарын үрейлендірген «жасыл» судың себебін тапты.

Бұған дейін Алтай ауданында, «Қазмырыш» ЖШС «Алтай» тау-кен байыту кешенінің тазарту құрылыстарына жақын маңда тұрғындар Березовка өзенінің суы жасыл түске боялғанын көрген болатын.

Олар су балықтар мен адамдарға қауіпті болуы мүмкін деген деп қорықты, өйткені өзен Бұқтырма су қоймасына құяды.

Сол кезде «Қазмырыш» ЖШС өкілдері кәсіпорында штаттан тыс жағдайлар болмағанын айтқан.

Алайда экологтардың тексеруі нәтижесінде заңбұзулар анықталды.

Тексеру барысында ағынды су өсімдік биомассасымен немесе олардың қалдықтарымен толып қалуына байланысты жасыл түске боялғаны анықталды. Ол үшін «Қазмырыш» ЖШС-ға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 325-бабына сәйкес 291 700 теңге айыппұл салынды, – деп хабарлады ШҚО экология департаменті өкілі.
Бұдан басқа, зертханалық талдаудың нәтижелері бойынша сарқынды суда эмиссия нормасы марганец бойынша - 140 есе, мырыш бойынша – 44,8 есе, тұз аммонийі бойынша – 2,3 есе, нитрит ионы бойынша – 5,1 есе, сульфаттар бойынша – 5,7 есе, мыс бойынша – 5 есе артқаны анықталды.
Экологиялық залал сомасы 8 миллион 214 мың теңге болды, аталған дерек бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Басқа да бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген су тарту жүйесінің технологиялық схемасын бұзғаны үшін «Қазмырыш» ЖШС-ға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 332-бабы бойынша 510 475 теңге айыппұл салынды, –  деп толықтырды ШҚО экология департаментіндегілер.
Айта кетейік, «Қазмырыш» ЖШС мамандары жазда тоғанды лай мен артық су өсімдіктерінен тазартады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы