Экологтар Каспий итбалығының өліміне қатысты тағы дабыл қақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі экологтардың қорытынды жиынында Гидробиология және экология институтының маманы Әсел Баймұқанова Каспий теңізіндегі итбалықтарды аман алып қалу үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Айтуынша, Каспийде итбалықтар мекендеуге қолайлы аймақ та қысқарып қалған.Биыл біз Каспийдегі итбалықтардың аман қалуына барынша көмектесе аламыз деп үміттенемін. Біздің ұйым Каспий итбалықтарын 15 жылдан бері зерттеп келеді. Соңғы кездері Каспий теңізінде жалғыз сүтқоректі итбалықтардың бұдан кейінгі жағдайы алаңдатады. Олардың өлім себебіне талдау жүргізгенде олардың көп бөлігі 8 жасқа дейін жетпей қырылып қалғанын анықтадық. Сондай-ақ популяциясында өте белсенді жастағы – 20-30 жастан жоғары итбалықтар азайған. Оның үстіне олар өмір сүре алатындай маңызды орында да қысқарған. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігінде тек Комсомол шығанағында Оппа ауданы мен Дурнев аралы теңіз ауданында ғана орын қалған, - деді ол.Маман итбалықтарды аман алып қалу үшін шаралар жоспарын ұсынды.
Ол үшін бізге ҚР заңнамасына теңіз жануарларының құрғақ жерге – жатаққа шығатын кезінде балық аулау мен кемелерде жүргізбеу керек; жатақтарды сақтап қалу және итбалықтар мекендейтін жерлерді қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік табиғи резерват ұйымдастыру керек; Каспий итбалығын сақтау және тиісті шаралар жүргізу туралы қалың көршілікті хабардар ету керек; Трансшегаралық жануар болғандықтан, мемлекет аралық зерттеу ұйымдастыру керек, - деді Әсел Баймұқанова.Еске сала кетсек, бүгін елордада "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне кіретін 132 қоғамдық экологиялық ұйымдардың қатысуымен қорытынды жиналыс өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы