Экологтар Ақтауда ластану деңгейі жоғары екенін айтты
Өңірдің негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдарын елордалық экологтар Маңғыстау облысы халқымен кездесуде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, мониторинг нәтижелері бойынша қаланың ластану деңгейі жоғары деп сипатталады. Ауа құрамындағы қалқымалы бөлшектердің (шаң) жоғары болуы облысқа тән. Бұл күшті желге байланысты, соның салдарынан шаң пайда болады.
Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша еліміздегі 900 мың тонна ластаушы заттардың 70 мың тоннасы Маңғыстау облысына тиесілі, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда (53,3 мың тонна) 31,1 пайызға жоғары.
Шығарындылардың өсуіне көмірсутегі шикізатының жаңа кен орындарын игеру және жұмыс істеп тұрған кен орындарында мұнай мен газ өндірудің артуы себеп болып отыр, - деді экологтар.
Өңірдегі негізгі экологиялық мәселелер Қошқар-Ата қалдық қоймасындағы радиоактивті қалдықтарды, тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын, иесіз химиялық қалдықтарды кәдеге жарату, карьерлердің шаңын шығару және қалдықтарды басқару жүйесінің жетілдірілмегендігінен деп хабарлайды Lada.kz.