Экологияны қорғауды әркім өзінен бастауы қажет

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жер ана» экологиялық қоғамдық қозғалысының жетекшісі Сапаргүл Рабаева Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, айналаны қорғауды, таза ұстауды әркім өзінен бастау керек және оны балаларға тәрбие ретінде сіңіру қажет.

Қазір көпшілік үйдегі ыдыстарды қолданбайды, көбінде бірреттік ыдысты пайдаланып, тастай салады. Ал, бұл пластик ыдыстар ары қарай өңдеуге жіберілмейді. Сондықтан елдегі экологиялық қозғалыстар бірігіп, болашақ ұрпақты тазалықты сақтауға, табиғатты қорғауға тәрбиелесек дейміз. Планетамызды қалай қорғай алатынымыз жайлы ойлануымыз қажет,-дейді Рабаева.

Халықты экологияны қорғауға шақырған ол табиғаттың бұзылуы, ластануы адам денсаулығына тікелей әсер ететінін атап өтті.


Қазір біз «жасыл құрылыс» технологияларына көп мән беруіміз керек. Әлеуметтік маңызды нысандар, яғни балабақша, мектептердің салынуы жасыл технологияға сай келмейді. Бұл бағытта жасыл энергия көздері мәселесін көтеру қажет. Оған қоса күн көзінен қуат алатын өндірісті дамыту керек. Бұл бағытта экология мәселесімен жұмыс істеп жүрген ұйымдарды бірігіуге шақырамыз. Олардың ойларын жоғары жаққа жеткізгіміз келеді,-деді ол.

С.Рабаева сондай-ақ экология мәселесін, оның ішінде «жасыл» технология жөніндегі бастамаларды үкімет арқылы шешуді, тіптен мемлекеттік тапсырысқа енгізу жолымен шешуге болатынын жеткізді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы