Экологиялық жобалар жеңімпаздары шағын грантқа ие болды

Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

  Экологиялық  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «EcoBusinessLab» жастарды қолдау жобасы туралы сөз етілді. Бұл 20 жастан 40 жастағы жастарға арналған жоба. Олар жоба барысында кез-келген бизнесті экологиялық тұрғыдан дамытуға негізделген.

 «ITeachMe» құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиеваның  айтуынша, кез-келген кәсіп экологиялық бола алады.

 2021 жылы жобаның бірінші пилоттық маусымы жүзеге асты. Онда 35 студент оқып, бүгінде өз кәсіптерін дамытып отырү Мамыр да жобаның екінші ауысымына өтініш қабылданды. Және оған Қазақстан бойынша үшжүзден астам өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 32 студент өз жобасын қорғады,-дейді ол.

Олардың негізгі мақсаты – экологияны қорғау болды. Оған тұрмыстық қалдықтарды қайта өңідеу, кәсіп бастауда экологиялық жабықтарды пайдалану сынды әдістерді пайдаланды. Қатысушылар өз жобаларында түрлі тәсілдерді пайдаланған. Мысалы, тамақ қалдықтарын қайта өңдеу туралы жобаны Бекенжан Қайырғалиев есімді азамат әзірлесе, Қостанайлық арудың «Ладога» жобасы ерекшелігімен көзге түсті.

 Кеше 9 қатысушы кәсіпті дамытуға шағын грант иеленді. Олар алдағы 6 айда өз жобаларын жүзеге асыратын болады. Әрине бұл тұрғыда мемлекеттің қолдауы мол,- деді өз сөзінде.

     Нәтижесінде, 6 жоба Шеврон компаниясынан 1 000 000 теңгеге дейінгі көлемде бизнесті дамытуға қаржы алса, 3 жоба «Шинхан Банк Қазақстан»АҚ-нан 500 000 теңгеге дейінгі көлемде бизнесті дамытуға қаржы алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы