Экологиялық заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралды. 

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман қоры жерлерінде экологиялық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейтуді көздейді.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

- кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудің, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгіленген тәртібін бұзғаны; 

- орман қоры жерлерінде шабындықтар мен жайылымдық жерлерді бүлдіру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу мен мал жаю, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты жинағаны;

- орман фаунасын жоюға немесе бүлдіруге, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіруге, ластауға және орман қоры жерлеріне өзге де залал келтіргені;

- жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінде болу тәртібін бұзғаны;

- селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді бүлдіргені немесе жойғаны;

- ағаш кесу орындарын ағаш кесу қалдықтарынан уақтылы тазартпау, соқпақтар мен кеспеағаштарға іргелес аумақтардың қоқыстанғаны;

Кеспеағаштарды әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын арттырылады, - деді Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Заң жобасында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін жаңа 380-1-баппен толықтыру ұсынылды. 

Парламент Мәжілісінің комитеттері осы заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы