Экологиялық заңбұзушылықтар жасаған кәсіпорындар мемлекетке 707 млн теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың І жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілген, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша заңбұзушылықтарды жою туралы 1338 нұсқама берілді. Олардың 52% орындалды. Бұл ретте заңбұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға жалпы сомасы 707,13 млн теңгеге 1128-ден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деп хабарлады министрліктен.
Бүгінге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ 5811 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтаған. Оның 34% жойылғаны хабарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша табиғи қоқыстардың пайда болуын жою және оны болдырмау мақсатында рекреация аймақтары бойынша рейдтер жүргізілуде, –делінген хабарламада.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы