Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» бір күндік жалақыларын аударады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударамыз деп шешті. Бұл туралы ведомство өкілі хабарлады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылғаны белгілі.
Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударамыз деп отыр. Осылайша, жаңа Қазақстанды жасауға өз үлесімізді қосамыз дейді ведомство ұжымы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы