Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге жіберілді. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Президенттің тапсырмасы бойынша,Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр", - дейді министр.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаштардың кесілуіне наразылығын білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдікке шара қабылдауды тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дұрыс тамақтанып жүрсіз бе?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы