Экология министрі неліктен Көбейтұзға бармауға кеңес берді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақмола облысында орналасқан Көбейтұзға бармауға кеңес берді. Айтуынша, онда зиянды заттар табылған.
Бұл туралы zakon.kz хабарлады.Былтыр әкімдік көлден су сынамасын алып, су құрамы мен ондағы тұзды тексеріп, жағымсыз қорытындыға келді. Бұл суда ауыр металдардың көп мөлшері бар екені анықталды. Сол себепті адамдардан Көбейтұзға көп бармауын сұраймын, - деді министр.
Мырзағалиевтің сөзінше, Көбейтұз адам денсаулығына қауіпсіз жер емес.
Ерекше қорғалатын аумаққа қатысты айтар болсақ, облыс территориясында орналасқандықтан, бұл жұмыс жергілікті атқарушы органның құзырында. Біз көлді жергілікті тәртіпке бағынатын ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналдыруды ұсындық. Алайда жағымсыз зертхана нәтижелерін алғаннан кейін әкімдік бұл мәселені әлі де зерттейтін болады. Бір-екі күннің ішінде әкімдікпен келіссөз жүргізіп, осы мәселе бойынша апдейт алуға уәде беремін, - деп атап өтті ол.
2020 жылғы 20 шілдеде адамдардың қызғылт түске боялған Көбейтұз көлінің тұзын коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек ретінде сата бастағаны анықталды. Дәл сол күні келушілер саны көбейіп кеткендіктен, көлге кіруге шектеу қойылды.
Экология министрлігі тексеру жүргізіп, көлдің суында токсинді заттардың бар екенін анықтады. Аталған мәселе Президенттің назарына ілікті. Ол адамдардың көлге тигізген залалын естіп, наразылығын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде тағы екі жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы