Экология министрі отставкаға қандай жағдайда кететінін айтты

Абай облысындағы өрттен кейін Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова отставкаға кете ме? Бұл сауалға министр кулуарда жауап берді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері министрге Абай облысындағы өрттен кейін сіздің тарапыңызға көп сын айтылды. Отставкаға кетуге дайынсыз ба? - деген сұрақ қойды.

Бас прокуратура (Абай облысындағы алапат өртке және адам өліміне байланысты – авт.) тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аясында тиісті сұрақтар туындаса, жауап беруге дайынмын, - деп жауап берді Зүлфия Сүлейменова.

Сонымен қатар министр өртті сөндіруге кедергі келтірген факторларды атады.

Абай облысындағы өрт оқиғасына материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Қазір қолданыстағы техникаларды есептен шығару қажет, - деп мәлімдеді ведомство басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы