Экология министрі халықаралық Нева конгресіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27-28 мамыр күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында IX Нева халықаралық экологиялық конгресі өтті. Оған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Конгресс шеңберінде су ресурстарымен басқару, тұйық цикл экономикасы, климаттық саясат, экологиялық қауіпсіздігі және «жасыл энергетика» мәселелерін талқылау мақстында дөңгелек үстелдер өткізілді.

Конгресс жыл сайын өткізіледі және мемлекеттік органдарының, іскер топтардың, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері үшін пікірталас алаңы болып саналады.

М.Мырзағалиев «Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық стратегиялар мен жобалар» тақырыпқа арналған дөңгелек үстелге қатысып, оның барысында Қазақстанда жүргізілген экологиялық заңнама реформасы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар ол конгрестің жоғарғы деңгейдегі пленарлық отырысына қатысты. Өз баяндамасында министр климаттық саясатты жақсарту, жердің құрғауы мен тозуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Арал өңірі мен Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін кешенді шешу туралы, биоалуантүрлілікті сақтау және ормандарды көбейту туралы мәселелерін атап өтті.

Нева халықаралық экологиялық конгресіне орай ағаш отырғызуға арналған экологиялық науқан ұйымдастырылды.

Конгресс аясында М. Мырзағалиев РФ Табиғи ресурстар және экология министрі А. Козловпен, Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі, Ресей Федерациясы Президентінің климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Р. Эдельгериевпен, Ресей Федерациясы су ресурстары Федералды агенттігінің басшысы Д. Кирилловпен және Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі А. Худыкпен бірқатар екіжақты кездесулерді өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы