Экология министрі ауа сапасын қалай жақсартатындары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Мәжіліс депутаттарының ауа сапасының нашарлауына қатысты жолдаған сауалына ресми жауап берді.

Жауапта халықтың ауа сапасы туралы жедел экологиялық ақпаратқа онлайн қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазгидромет» РМК «AirKz» мобильді қосымшасын әзірлегені және атмосфералық ауа сапасы бойынша интерактивті картаны іске қосқаны жазылған.

«AirKz» және интерактивті карта онлайн режимде республикалық маңызы бар қалаларды, облыстық, өнеркәсіптік орталықтарды және табиғат пайдаланушылар тарапынан экологиялық жүктемеге ұшыраған шағын елді мекендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 45 елді мекенінде орналасқан 140 атмосфералық ауа сапасын бақылау стансасы бойынша атмосфералық ауаның ластануы туралы деректерді көрсетеді, - деді министр Мағзұм  Мырзағалиев.

«AirKz» мобильді қосымшасының жасылдан (ластану деңгейі төмен) қызылға дейінгі (ластану деңгейі өте жоғары) градациясы бар.

«AirKz» мобильдік қосымшаның жане интерактивті картаның деректері бойынша күн сайын атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың ШЖШ нормативтерінің асып кетуі тіркеледі.

Сондай-ақ 2018 жылы «Қазгидромет» АҚШ және ДДҰ нормативтерін қолдана отырып, Қазақстан үшін АҚШ-тың «AQI» индексін есептеу бағдарламасын әзірледі. 2019 жылы «Қазгидромет» интерактивті картасына тестілік режимде «AQI» индексін есептеу бағдарламасын енгізді (бұл карта «Қазгидромет» қызметкерлері үшін жабық күнделікті тестілік режимде жұмыс істейді).

2015 жылы Денсаулық сақтау министрлігі қайта қараған санитариялық-эпидемиялық нормативтерде ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы қалалар мен елді мекендердегі атмосфералық ауаның ластану индексінің төмендеуіне әкелді. Бұл ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырының сандық мәндеріне енгізілген өзгерістерге байланысты болды. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиялық нормативтерді жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде, - деді Экология министрі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда «AQI» индексін одан әрі енгізу мәселесі бойынша 2021 жылғы 11 ақпанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.

Кеңестің қорытындысы бойынша Жұмыс тобы құрылды, оның шеңберінде халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы хабардар ету және ауа сапасының ұлттық стандарттарын қайта өңдеу үшін «AQI» индексін қолдану мүмкіндігі мәселелері қаралды. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі АҚШ, Еуроодақ немесе ДДҰ стандарттары бойынша ауа сапасының индексін «AQI» енгізу мәселесін одан әрі зерделеу және түрлі сценарийлер бойынша халыққа ұсынымдар дайындау үшін «AQI» индексін ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының қарауына енгізу бойынша ұсыныстар жіберді. Алайда «AQI» индексін енгізу атмосфералық ауаның жоғары ластану проблемасын шешу болып табылмайтынын атап өтеміз, - деп түсіндірді ол жауапта.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғалымдар мен жұртшылықтың қатысуымен 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы» әзірленуде, онда ауаның ластануын төмендету бойынша индикаторлар көзделген.

Аталған жобаны іске асыру ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы: Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларындағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Мырзағалиев.

Сондай-ақ бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экологиялық, кодексінің 36-бабының 15-тармағына сәйкес Сапаның экологиялық нормативтерін әзірлеу және қайта қарау қағидаларының жобасы әзірленді. Бұдан әрі Экологиялық кодекске сәйкес зертханалық сынақтардың, ғылыми зерттеулердің нәтижелері негізінде қоршаған ортаның мынадай компоненттерінің әрқайсысы үшін жеке-жеке сапаның экологиялық:

1) атмосфералық ауа;

2) жер үсті және жер асты сулары;

3) топырақ және жер нормативтері әзірленетін және белгіленеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы