Экология министрі Алматыға байланысты уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында Алматы  қаласының экологиялық ахуалына тоқтады.

Алматы қаласында ауаның ластануы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жылу көздерінің, автокөліктердің және қалаға іргелес Алматы облысының газдандырылмаған жеке үйлерінің шығарындыларымен байланысты,- дейді министр. 

Оның айтуынша, Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін дайындалған жол картасында 20 іс-шара қарастырылған. 

Оның ішінде негізгісі - ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке меншік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерін табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне/жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру. Сонымен қатар жел режиміне зерттеу жүргізу және соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарын түзету болып отыр, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, аталған шаралардан кейін ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 144-тен 79,5 мың тоннаға дейін - шамамен 44 пайызға азаяды. Яғни, ауаның ластану индексі (IPA) жоғары 8-ге дейін деңгейден орташа 6-ға дейін төмендейді. Ол осылай уәде берді.

Еске сала кетейік, осыған дейін министр еліміздегі атмосфералық ауа-райы ластанған қалаларды атады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы