Экология мәселелері бойынша өте көп жұмыс істеу керек – Времиш
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екінші ерікті ұлттық шолуға байланысты баспасөз конференциясында ел экологиясына қатысты мәселелер айтылды.
Елімізге экология мәселелері бойынша өте көп жұмыс істеу керек. Оны біз планетарлық параметр деп атаймыз. Адами және экологиялық даму деңгейі жоғары елдердің рейтингін қарағанда оларда парниктік газдар шығарындыларының деңгейі мүлде басқа. Бұл деңгейге жылдам экономикалық өсімсіз жету қиын екені түсінікті. Бірақ бастысы Қазақстанның бұл мәселемен күресуде өз көзқарасы бар, – деді БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш.
Ал «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов Қазақстанда экологияға қатысты қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталды.
Қазір бізде көміртекті бейтараптыққа байланысты доктрина дайындалып жатыр. Біз онда тек индустриализация, инвестиция туралы айтпаймыз, бизнестің ендігі кезекте тиімді, жауапкершілікті және экология жағынан бақылауда болуын қалаймыз. Жақында экологиялық кодекс қабылдадық. Онда ауаны ластаушыларға үлкен айыппұлдар салынады. Өндіріс деген жақсы, бірақ біз экология туралы, адамдар мен қалалар жайлы ойлауымыз керек, – деді ол.