Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алмат Әбдікешов  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары — Экономикалық даму және сауда министрі хатшылығының кеңесшісі.

2013-2014 жылдары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2016-2018 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2021 жылдары — Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы наурыздан бастап қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы