Экология - Ертіс өңірінің негізгі мәселелерінің бірі – Тоқаев

Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан электролиз зауытында болып, жиын өткізді.


Зауыт еңбеккерлерімен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы көлемі мен Павлодар облысының индустриялық дамуы жөнінде әңгіме қозғады. Сонымен қатар аймақтың экологиялық жағдайын тілге тиек етті.

«Тәуелсіздік жылдары Ертіс өңірінің эконмоикалық әлеуеті айтарлықтай артты. Елбасы бастама еткен индустриалды-инновациялық бағдарламасының арқасында жалпы сомасы 988 млрд теңгені құрайтын 90-нан астам жоба жүзеге асырылды», - деді Президент.

 Мемлекет басшысының айтуынша, аймақтың негізгі мәселелерінің қатарына экологияның жағдайын қосуға болады. Нақтырақ айтқанда, өндіріс ошақтарының қоршаған ортаға тастайтын қалдықтардың бақыланбауы.

Айта кетейік, Павлодар облысы - еліміздің индустриялық дамыған өңірлерінің бірі. Сондықтан, ауа бассейні мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса өзекті. Мамандардың мәліметінше, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың 66%-ын жылуэнергетика кәсіпорындары құраса, 17% түсті металлургияға тиесілі. Қара металлургияның үлесі 5,6%, ал мұнайды қайта өңдеу саласына 3,7% жатады.

 Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ертіс өңіріне бір күндік жұмыс сапарымен келді.

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы