Нұртас Адамбаев экология амбассадоры атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал қазақстандық режиссер, продюсер Нұртас Адамбаев экология бойынша ізгі ниет елшісі атанды. Бұл туралы бүгін елордада өткен алғашқы республикалық эко-слет кезінде белгілі болды.
Режиссерға тиісті сертификатты Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев табыс етті.
Мен ертең қай планета, қай елде өмір сүретінімізді, балаларымызға қандай ғаламшарды қалдыратынымызды білетін адамдардың арасында болуды шынымен қалаймын. Адам табиғаттан тыс жерде өмір сүре алмайтынын еске салғым келеді. Адам өзін осы жердің қожайыны ретінде елестетіп, қателеседі. Біз барлығымыз жер бетінде қонақтар екенімізді ұмытпауымыз керек. Бізге мұра болып қалған дүниеге аса мұқият болуымыз керек, - дейді жиында сөз сөйлеген Нұртас Адамбаев.
Сонымен қатар, ол елде экологиялық мәселелерге жауапты мамандандырылған орган құрылғанына қуанышты екенін жеткізді.
Айта кетейік, Экология жөніндегі ізгі ниет елшісі – табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық акциялар мен бастамаларға қатысуды білдіретін қоғамдық жұмыс. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселесінде белсенді азаматтық позицияны көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Инспекция басшысы 20 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Өзгелердің жаңалығы