Экологияға байланысты сұрақтар әр кез маңызды – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында жаңа Экологиялық кодекс жобасы туралы  ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.

Экологияға байланысты сұрақтар әр кез маңызды болып қала береді. Қазіргі таңда пандемияға байланысты бірқатар өндірістік қауымдастық экологиялық кодекстің жүзеге асыруын кейінге қалдыруға ұсыныс білдіруде.  Қазір ешкімге оңай емес. Елімізде экологиялық жағдай мәз емес екенін көріп отырмыз.  Енді соңғы айдағы Теңізде болған жағдайды бәріміз білеміз. Пештің тоқтауына байланысты күкірт газы шығарылды. Сонымен қатар, Арселор миттал теміртаудағы төбенің жануынан атмосфералық ауа ластанған еді. Жарты жылдағы статистиканы алатын болсақ, мұндай жағдайлар өте көп, - деді вице-министр.
Ахметжан Пірімқұлов экологиялық кодекс – кәсіпорындарды жаңа, қолжетімді құрылғыларға өтуді қамтамасыз ететіндігін айтты.
Осы нормаларды құрастырып, енгізудің арқылы өндірістік кәсіпорындардың шығынын көбейтетіні сөзсіз. Алайда,  онсыз болмайтынын түсінеміз. Балқаш, Теміртау, Қарағанды қалаларындағы өндіріс кәсіпорындарына бұл нормалар сөзсіз керек. Бұл механизмдер 2025 жылы еліміздің 50 ірі кәсіпорындарына қолданылатын болады. Сонымен қатар, жаңа қолжетімді технологияларды қолданған кәсіпорындар экологияялық төлемдерден босатылады, - деді спикер.
Сонымен бірге жаңадан іске қосылатын кәсіпорындар жаңа қолжетімді технологияларды қолданатын болады. 
Сондай-ақ, кейбір ірі кәсіпорындар осы жаңа, қолжетімді технологияларды 2025 жылдан бұрын қолданысқа енгізуге ниет білдіріп жатады. Мысалы, "KAZZINC" АҚ 2019 жылы геология және экология министрлігімен биылдан бастап жаңа технологияларды пайдалану меморандумына қол қойған еді. Бұл кәсіпорынның соңғы үш жылда зиянды заттардың шығарылуын 20 пайызға азайтады. Бұл ретте кәсіпорынның өзінің өндірісін дамытып, жаңа технологияларды енгізуге дайын болғандығын білдіреді,  - деді ол. 

Сонымен қатар, вице-министр бюджеттен экологияға жұмсалып жатқан қаражат туралы да айтып берді. 
Жергілікті бюджеттің қаншалықты экологияға жұмсалып жатқандығы бәрін қызықтыратыны сөзсіз. Статистика бойынша аймақтарта экологияға 40 пайыз қаражат жұмсайды. Кейбір аймақтар да бұл көрсеткіш 5 пайызға да жетпейді. Сол себепті біз арнайы нормаларды дайындадық. Соған сәйкес эммиссияға жұмсалатын 100 пайыз қаржының барлығы экологияға жұмсалуы шарт. Олардың қатарына абаттандыру, саябақтар құрылысы сияқты экологиядағы жұмыстар жатады. Жаңа технологияларды енгізбейтін кәсіпорындар экологиялық төлемдерді төлейтін болады. Яғни, кім өз кәсіпорынын дамытқысы келмесе,  көп төлейді, - деді вице-министр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы