Экобелсенділерге мемлекеттен жеңілдіктер қажет – Рамазанова
Бұл туралы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшесі Ләззат Рамазанова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол студенттердің көпшілігі саналы мінез-құлықтың қарапайым принциптерін, яғни табиғатты қорғау мәселелерін білмейтінін айтып, экобелсенділерге мемлекеттен жеңілдіктер беруді ұсынды.
Табиғатты қорғау мәселелерін жат, түсініксіз санайтын тағы бір ұрпақ өсіп келеді. Бүгінгі таңда мемлекетке экологиялық жауапты отбасылар үшін ынталандырулар қажет: экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысатын және тұрақты өмір салтын ұстанатындарға преференциялар, жеңілдіктер, субсидиялар, - деді ол.
Ләззат Рамазанова бұл тәсіл экологиялық тәжірибені енгізуге түрткі болатынын айтты.
Мен өте қарапайым айтайын: ересек адамға табиғатты қорғаудың пайдалы және қызықты екенін көрсетіңіз, ал балалар ата-анасынан үлгі алады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сирия мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіретін жол картасы әзірленеді
Келесі жаңалық
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы