Экоакция барысында елордадан 28 тонна қоқыс шығарылды

"Таза Қазақстан. Астана-тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында елордада "Таза бейсенбі" апталық тазалық жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ бас қаланың әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы аптада Байқоңыр ауданында, Астана қаласының айналма жолының аумағында 100-ден астам адам жиналды.

Экоакцияға қатысушылар 28 тонна қоқыс шығарды.

Олардың қатарында аудандық әкімдік қызметкерлері, АMANAT партиясы қалалық филиалының қызметкерлері, елордалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері және қоғам қайраткерлері бар.

"Таза бейсенбі" акциясы апта сайын өткізіледі. Бұл қоқыс жинаумен шектелмейді, акция жаңа экологиялық ойлауды, халықтың мәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға, жаңа экологиялық әдеттерді сіңіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ AMANAT партиясының Астана қалалық филиалы жанынан қаладағы экологиялық жағдайды бақылау үшін 5 мобильдік топ құрылды.

Олардың әрқайсысы экологиялық кеңес мүшесінен, мәслихат депутатынан, аудандық партия филиалдарының төрағаларынан, аудандық атқарушы хатшылардан, партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінен, партияның белсенді мүшелерінен тұрады.

Бұған дейін мобильді топтар жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша қала ішінде де, оның шетінде де 20 заңсыз қоқыс орны анықталған болатын.

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы