Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан қалған бомба жарылып кете жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның Эксетер университетінің маңында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері сақталған, ұзындығы екі метрге жететін снаряд табылды.

Құрылыс алаңынан Екінші дүниежүзілік соғыс заманынан бері сақталып қалған авиациялық бомба табылғаннан кейін Эксетерден екі мың адам эвакуацияланды.

Бұл туралыс жергілікті полицияның Twitter-дегі парақшасында хабарланды. 

Бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары аяқталды, - делінген хабарламада.

Ал полицияның Facebook-тегі парақшасында эвакуацияланғандардың 1,4 мыңы Эксетер университетінің студенттері екені айтылған.

Жалпы операция барысында 2 мыңнан астам үйде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек көлік қозғалысы шектелді.

Полицейлердің мәліметінше, бомба арнайы әскер бақылауына берілген.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Ұлыбританияның корольдік әскерінің базасында орналасқан Эксетер Люфтваффе тарапынан жаппай бомбаланған көрінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы