Екінші деңгейлі банктерге БЖЗҚ-дан қанша қаржы беріледі

Бұл сұраққа Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025-26 жылдарға БЖЗҚ-ның 1,5 трлн теңгесін нарық шарттарымен квазимемлекеттік сектордың құнды қағаздарына бағыттау туралы бағдарлама қабылданған болатын. Оның ішінде 500 млрд теңгедей ақшаны 2024-25 жылдары екінші деңгейлі банктердің облигацияларына инвестициялайтынын жариялады. Екінші деңгейлі банктер экономикадағы негізгі несие берушілердің бірі болғандықтан салымшылардың ақшасын бағыттау тиімді шешім болып есептеледі,-деді ол.

2024 жылы "Халық банк" пен "РБК" банкке 220 млрд теңгедей ақша инвестицияланған.

Бұл ақшаның бәрі нарық шарттарымен берілгенін баса айту керек. Мысалы, белгіленген мөлшерлеме туралы айтсақ, кеше Қазақстанның құнды қағаздарының орташа кірісі 14% екені айтылды. Одан әрі әр банктің көрсеткішіне байланысты несие тәуекелінің сыйақысы бар. Биыл да осы жұмысты жалғастыруға ниеттіміз. Қазір БЖЗҚ-да 22,4 трлн теңге болса, екінші деңгейлі банктерге салған инвестициялардың портфелі соның 5%-ы төмен, - деді Нұржан Тұрсынханов.

Айта кетейік, осыған дейін сенатор Сұлтанбек Мәкежанов БЖЗҚ салымшыларының мүддесі қорғалмай жатқаны туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы