Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Несие 6% мерзімі 7 жылға дейін берілетін болады. Төмен пайыздық мөлшерлеме "Даму" КДҚ " АҚ субсидиялау арқылы сыйақының бір бөлігі өтелетіндігіне байланысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында "Қарапайым заттар экономикасы" республикалық бағдарламасы іске қосылды. Осы мақсаттарға 600 млрд теңге бөлінді, олар келесі екінші деңгейдегі банктерде салынған: "Халық банкі" АҚ, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк Центр Кредит" АҚ, "АТФ Банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Bank RBK" АҚ, "Нұрбанк"АҚ.

Бұл ретте, кредитті пайдалану мақсаттары: инвестицияларға кемінде 50%, айналым қаражатын толықтыруға кемінде 50% болуы тиіс%. Бағдарламаға 108 ЭҚЖЖ-ның бірінде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер қатыса алады, оның ішінде білім беру объектілерін салу, көлік құралдарын, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін, қағаз бұйымдары мен буып-түю материалдарын, электрониканы, жиһаздарды, тұрмыстық химия өнімдерін өндіру бойынша.

Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жобалық кеңсе құрылды, ол тұрақты негізде консультациялық қызмет көрсетеді. Кеңсе Республика даңғылы, 24, "Парасат" бизнес орталығының екінші қабатында орналасқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы