Екінші бала көкжөтелден көз жұмды

Қазақстанда көкжөтелден екінші бала көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Биыл көкжөтелден өлімнің екі жағдайы тіркелді. Қарағанды және Ұлытау облыстарында балалар көкжөтелден көз жұмды. Екеуі де вакцинацияланбаған. Екінші бала егу жасына жеткен жоқ, - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел-бұл өте қауіпті инфекция.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді жұқтырудың 350-ден 400-ге дейін жағдайы тіркеледі, - деп нақтылады Есмағамбетова.

Барлық науқастардың шамамен 90% - ы вакцинацияланбаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы