Екінші АЭС құрылысы: Референдум өте ме
Үкіметтегі брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Референдум өткізудің қажеті жоқ. Заңнамаға сәйкес, бұл станция Үкіметтің шешімі негізінде салынады, - деді Энергетика министрі.
Бұған дейін министр Сәтқалиев журналистердің сұрақтарына жауап бергенде тағы бір АЭС не үшін керегін айтқан еді.
Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр жақын арада Алматы облысында бірінші атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоятынын айтты. Сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын екенін атады.
Сондай-ақ отырыста Мемлекет басшысы Үкіметке АЭС құрылысын тездету керегін тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Сот талап қоюшының тегі мен атын өзгерту құқығын қорғады
Өзгелердің жаңалығы