4 Қараша 2026, 12:40 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Екінші АЭС құрылысы Қытаймен талқыланып жатыр – Энергетика министрі 

Қазақстанда салынатын алғашқы екі атом электр станциясының құрылысымен айналысатын серіктестер белгілі болды. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, алғашқы АЭС құрылысына ресейлік «Росатом» консорциумы қатысады. Ал екінші станцияны салу мәселесі қытайлық компаниямен талқыланып жатыр.

«Балқаш» атом электр станциясының құрылысы ресейлік «Росатом» консорциумымен бірлесіп жүзеге асырылады. Ал екінші «Мойынқұм» АЭС-ін салу мәселесі қазіргі уақытта Қытайдың ұлттық атом компаниясымен пысықталып жатыр, – деді Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, жобалардың нақты шарттары әлі келісілуде. 

Қазір барлық мәселе, соның ішінде келісімнің талаптары да талқыланып жатыр. Дегенмен бұл жобалар 2035 жылға қарай аяқталады деп сенеміз, – дейді министр