Екібастұздағы көпқабатты үйлердің басым бөлігі жылу маусымына дайын
Жаңа нысан Екібастұз қаласында жылумен қамтуда қиындықтар туындаған шағын аудандарда гидравликалық режимді реттеуге септігін тигізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы бойынша жүргізілген техникалық аудиттің алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша жаңа жылу магистралін тарту ұсынылды.
Бұл шағын аудандарды жылумен қамту бойынша мәселелер туындайды. №7 жылу магистралі 22-ші және 26-шы шағын аудандары бойынша, әуежай және Мәшһүр Жүсіп көшесіне қарау аумақты қамтиды. Бұл жоба іске қосылып жатыр. Қаржыландыру үшін келесі жылы бюджеттік өтініш жасамақпыз, - дейді облыс әкімі Асайын Байханов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. көктемгі гидравликалық сынақтар барысында коммуналдық инфрақұрылымында 269 ақау анықталып, олардың барлығы жойылды. Жүйедегі осал тұстар анықталды. Бүгінгі күнге дейін 57 шақырымдық жылу құбыры ауыстырылды. Ал көпқабатты үйлердің басым бөлігі жылу маусымына дайын.
Шаһардағы 690 көпқабатты үйдің 562-де дайындық актісі бар. Яғни баспаналардың 80%-ы жылу қабылдауға дайын. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Ешбір қызмет көрсетуші ұйымға қарамайтын 182 үй қала құраушы ірі кәсіпорындар арасында үлестірдік. Проблемалы үйлер әлі де бар. Алдағы уақытта олардың мәселесі де шешімін табады, - дейді Асайын Байханов.