Екібастұздағы балалардың туысы табылды. Арақ ішеді, баласын қараусыз тастап кетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұздағы пәтерлердің бірінен табылған балалардың оқиғасы жалғасын тапты.
Еріктілер кездейсоқ балалардың туысын тапты. Әйел бір жасар баласымен Павлодар облысының ауылдарының бірінде тұрады екен. Ол да баласын пеш жағылмаған суық үйде қалдырып кетеді екен. Оқиға орнына шақырылған арнайы қызмет қызметкерлері суық үйде әдбен тоңып қалған баланы тауып алып, оны дәрігерлерге тапсырған.
Ауылдардың бірінде кішкене баласын үнемі сұп-суық үйге жалғыз тастап кететін ана жайында хабарлама келіп түсті. Әйел ата-анасымен бірге тұрады екен, барлығы ішеді. Бала болса өз бетімен, қараусыз қалады екен, - деді еріктілер.
Қоғамдық белсенділердің айтуынша, мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұл фактіні растаған.
Әйелден үлкен балаларын алып қойған. Ата-ана құқығынан айырылған. Бұл әйел Екібастұзда қараусыз қалған балалардың анасының туған әпкесі екені анықталған. Кішкентай бала уақытында құтқарып қалдық. Қазір бала ауруханада, ал анасы полицияға жеткізілді, - деді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда жалдамалы пәтерлерінің бірінен аш-жалаңаш жүрген төрт науқас бала табылғандығын жазған болатынбыз.