Екібастұздағы апат. Кінәлілер жауапқа тартылатын болады - Смайылов

Облыс активімен өткен кездесуде Премьер-министр әкімдік басшылығының алдында тұрған басым міндеттерінің бірі инфрақұрылымды жаңғырту екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір жылыту маусымы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, Екібастұз қаласының жылу желілерінде апат болып, тұрғындар жылусыз қалған еді. Жан аямай жұмыс істеген мамандардың арқасында жылу беру қалпына келтірілді. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр, нәтижесі шыққан соң кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Әкімдік бұл мәселені ерекше назарға алып, жылыту маусымының қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етуі керек, — деді Әлихан Смайылов. 

Бұдан басқа, ірі өндіріс ошақтарының жұмысына байланысты өңірдегі экологиялық ахуал күрделі.

Республика бойынша шығарындылардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ы Павлодар облысына тиесілі. Осыған байланысты облыс басшылығы зиянды өндірістік шығарындылардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жөніндегі жұмысқа назар аударуы қажет. 

Сонымен қатар кәсіпорындар өндірістік процесті жаңғыртуға, инвестицияларды ұлғайтуға, жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге көңіл бөлуі тиіс, — деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы