Екібастұзда жылу электр орталығы істен шықты

Екібастұз жылу электр орталығында (ЖЭО) 3 қазандық істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарэнерго» АҚ оның себебін түсіндірді. 7 қаңтарға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да штаттан тыс жағдай болды. 3 қазандық жұмысын тоқтатты, - деді Павлодарэнерго» АҚ бас директоры міндетін атқарушы Вадим Лесин.

Айтуынша, жұмысшылар шұғыл әрекет етіп, істен шыққан қазандықтарды жөндеген.

Таңертең 2 қазандық жұмыс істей бастаған. Бүгінде 5 қазандық жұмыс істеп тұр. Қалаға берілетін жылудың темпетурасы 47 градусқа дейін төмендеді. Қазір ол көтеріліп жатыр. Жағдай бақылауда. Бәрі тұрақты болады. Тәулік соңына дейін тағы бір қазандықты жөндеуді аяқтаймыз, - деді Вадим Лесин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы