6 Қараша 2020 2020, 03:44

Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті. Қайғылы жағдай ЖШС-нің бірінде орын алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда жұмысшыны топырақ кескіш басып кетті. Қайғылы жағдай ЖШС-тің бірінде орын  алды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

26 жастағы  тау-кен шеберін жұмыс кезінде топырақ кескіш басып кетті. Аяғын жарақаттаған жұмысшы Екібастұздағы ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық ПД баспасөз  қызметінде.

 Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.