Екібастұзда жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсады

Өткен түнде 30 жастағы әйел көпқабатты үйден секіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын анықтады. Марқұм жүктіліктің 22-ші аптасында болған, үлкен баласы анасыз қалған.

Жедел жәрдем бес минутта жеткен.

Қоңырау 23 қаңтар күні сағат 1:42-де түсті. Бригада бірінші санаттағы жеделдікпен кетті. шақыртылған жерге 5 минутта жетті. Оқиға орнында дәрігерлер 30 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады, - деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жүкті әйел анасы және 10 жасар ұлымен бірге тұрған. Үй шаруасындағы әйел. Жүктілігінің 8 аптасында есепте тұрған.

Әйелдің денесі сот-медициналық сараптамадан өту үшін Павлодар қаласына жіберілді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтауы керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы