Екібастұзда жолда қалған автобустан 35 адам құтқарылды
Екібастұз қаласы маңында республикалық маңызы бар "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының бір бөлігінде техникалық ақауы бар автобус жолда тоқтап қалды. Оқиға Шідерті кентінен 5 шақырым жерде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автобус ішінде жолаушылар болған, алайда олар қозғалысты өз бетімен жалғастыра алмаған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жедел жетті.
Құтқарушылардың көмегімен 35 адам эвакуацияланды. Барлық жолаушы Шідерті кентіндегі жылыту пунктіне жеткізіліп, сол жерде орналастырылды. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
21 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы