Екібастұзда жеті жылу магистралі толық іске қосылды
ЖЭО-да екі қазандық толық жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұзға жылу беру бойынша құрылған жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО-да екі қазандық жұмыс істеп тұр. Жеті жылу магистралі (1, 3, 5, 7, 8, 10, 12) толығымен толтырылып, іске қосылды.
Қаладағы 90 әлеуметтік нысанның 26-сына жылу берілді, түнге дейін тағы төрт нысан қосылады, - деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы жылу беру маусымын бастау бойынша жағдайды алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы