Екібастұзда жануарларды оңалту орталығында газ баллондары жарылды
Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апат туралы хабар 11 тамыз күні сағат 12:18-де келіп түскен.
«Нью Простоквашино» жануарларды оңалту орталығында кірпіш пен ағаштан салынған бір қабатты ғимараттың ағаш төбесі жанған. Өрт 120 шаршы метр аумақты қамтыды, - деді департаментте.
Өрттің шығуына баланың отты абайсыз пайдалануы себеп болған.
Өрт сөндіру бекетінің қызметкері ғимараттан 27 литрлік 4 газ баллонын, 50 литрлік 2 газ баллонын шығарды. Баллондарды шығару кезінде 27 литрлік тағы 3 баллон жарылды, - деді департаментте.
Тілсіз жау сағат 13:15-те жойылды. Оқиға орнына 2 техника мен 12 қызметкер жұмылдырылды.
«Нью Простоквашино» орталығы қызметкерлерінің айтуынша, орталықта 100-ден астам ит бар. Ғимараттың төбелері жанып, құлап кеткен. Иттер уақытша ашық алаңда тұратын болады.