27 Сәуір 2023 2023, 19:31 Фото: скриншот

Екібастұзда тұрғын үйдің шатыры өртенді

Екібастұз қаласында екіқабатты үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласында екіқабатты үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент деректеріне сүйенсек, бүгін сағат 17:57 шамасында Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі 2 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған.

Қазір өртті оқшаулау және жою жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, ТЖД күшімен тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы мен 22 маман жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 30 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 7 бала бар. Сонымен қатар олар өрт ошағынан 6 газ баллонын алып шықты.