Екібастұзда тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде

Екібастұз қаласында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қызу. Жүздегенн пәтер кезекте тұрған және мемлекеттік бағдарламалардың қатысушыларына үйлестірілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қазіргі уақытта бір шағын ауданда бес бірдей тұрғын үй бой көтеруде. Тағы бір ықшам ауданда 240 пәтерлі баспана салынып жатыр. Нысандар қолданысқа берілгеннен соң 1200 екібастұздық баспаналы болады.

Мамандардың мәліметінше, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасына 360 мың теңгеден 253 теңгеге азайту үшін мемлекет бюджетінен 1,5 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қаражат жылу, су және электр энергиясымен қамту жүйелері тартылып, баспаналардың аумағы абаттандырылған.

Айта кетейік, кеншілер шаһарында абаттандыру жұмыстары да қарқын алған. Биыл 30 аулаға асфальт төселіп, ондаған балалар ойын алаңдары салынады. Сонымен қатар, футбол, стритбол, стритворкаут алаңдары қолданысқа беріледі. Мәдениет нысандары да назардан тыс қалған емес.

«Бұған дейін Екібастұздағы бұрынғы кеншілер мәдениет сарайының ғимаратын қараған болатынмын. Бұл тұрғындар үшін мәдени іс-шаралар өткізілген, фильмдер көрсетілген маңызды орын. Бүгінгі таңда мұнда кәсіби театр сахнасын құру және қалалық театрды ашу мәселесін қарастырудамыз. Ол үшін ғимаратты бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен сатып алу жоспарлануда. Екібастұзда театр құру әлеуеті бар. Мәдениет және құрылыс басқармаларына ғимаратқа алдын ала техникалық сараптама жүргізуді, сарапшыларды тартып, театрды осында орналастыру мүмкіндігін зерделеуді және жыл соңына дейін қайта құру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырдым», - облыс әкімі Асайын Байханов.

Ақмаржан Әділбек

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы