Екібастұзда тоқ соққан локомотив машинисі қаза тапты
Екібастұзда жұмысшыны тоқ соғып, ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Богатырь Көмір" компаниясының мәліметінше, Екібастұзда тартқыш агрегаттың машинисі қаза тапты.
Қайғылы оқиға кәсіпорын аумағында болған. Машинисті жоғары кернеулі электр тоғы соққан.
Жедел жәрдем көлігі келген сәтте фельдшер зардап шеккен адамның қайтыс болғанын тіркеді. Оқиғаның себептері мемлекеттік уәкілетті орган басқаратын арнайы комиссияның тергеуі нәтижесінде анықталады, – делінген хабарламада.
Компания тергеу нәтижесіне қарамастан марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында найзағай соққан ер адам аты және итімен бірге мерт болғаны хабарланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Энергетика министрлігі: 10 ЖЭО "қызыл аймақта" тұр
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы