Екібастұзда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда өрт кесірінен объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің бұл шешімі Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген онда.

Бұл шешім ресми түрде жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы