Екібастұзда өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды

Екібастұзда өрт сөндірушілер өрт кезінде 3 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 сәуірде сағат 16:20-да Екібастұз қаласы Матросов көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бесінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатты. 12 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары өртенді. Өрт салдарынан үйлердің кіреберістеріне түтін тез тарады. 2-МӨСБ бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Сартымбеков Асылхан, 2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Пронченко Роман және 6-ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Бутенова Руслан "Respihood" құтқару қалпақшасының көмегімен баспалдақ арқылы 3 адамды құтқарды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланған, оның ішінде 5 бала. 

Өртті 16:50-де ауыздықтап, көп ұзамай 17:05-те өрт толық сөндірілді. Қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен үш  техника қатысты. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы