Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды. Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.26 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Целинная көшесі, 25 А мекенжайы бойынша пәтердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден шыққан түтінді анықтады. Газ-түтіннен қорғау құралымен дереу пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Жатын бөлмені барлау барысында пәтердің иесі, 1960 жылы туған әйел табылды, - деді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жұмабай Кеңес.Терезе ойығы арқылы ішке енген өрт сөндірушілер пәтер иесін дереу таза ауаға шығарып, «103» қызметіне тапсырды.
Қонақ бөлмесінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын заттар мен жиһаздардың жанғаны анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде әрбір екінші адам мүлде кітап оқымайды – зерттеу
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы