Бүгiн 2026, 12:50 Фото: pixabay.com

Екібастұзда неге жер сілкінді: ТЖМ түсіндірді

Белгілі болғандай, Екібастұздағы жер сілкінісіне көмір разрезінің қатысы жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі жуырда Екібастұзда болған дүмпудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметте өткен баспасөз брифингінде журналистер министрліктен өңірдегі жер сілкінісінің себебін сұрады. Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Ерболат Садырбаев

26 мамырда Екібастұзда болған жер дүмпуіне ешқандай жасанды фактор әсер етпеген, бұл – табиғи құбылыс, - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Ерболат Садырбаев.

Вице-министр дүмпуді Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылының тұрғындары сезгенін атап өтті. 

Жер сілкінісін ҚР ТЖМ Сейсмология институты тіркеген. Эпицентр оқиға орнынан 850 шақырым қашықтықта орналасқан, ал дүмпудің күші 2,6 балл болған.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жер сілкінгені туралы жаздық.